Жұма, 03 мамыр, 15:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Енді дәрігер науқасты онлайн қабылдайды

24.10.2023

655 0

Денсаулық сақтау министрлігі енді амбулаториялық-емханалық жағдайларда бірнеше медицина мамандары науқастарды қашықтықтан қабылдайтыны туралы жаңа бұйрық дайындады. Олардың ішінде гинеколог, хирург, акушер, терапевт, кардиолог т.б бар. Бұл туралы “Ашық НҚА” порталы хабарлайды. 

Құжат жобасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде немесе міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық-емханалық жағдайларда қашықтан қызмет көрсету ұсынылады. Бұл мамандандырылған медициналық көмектің шарттары бойынша медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтпек.

Қашықтықтан медициналық қызметтердің жаңартылған тізімде: терапевт, педиатр, хирург, акушер-гинеколог, психолог, кардиолог, ревматолог, невропатолог, инфекционист, аллерголог, уролог, онколог тағы басқалары бар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: