Сейсенбі, 30 сәуiр, 23:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Ең төменгі жалақы мөлшеріне сәйкес болсын» Қазақстанда жаңа зейнетақы реформасын жүргізу ұсынылды

20.10.2023

401 0

Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады. Мәжілісмен елімізде ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға дейін арттырып, жаңа зейнетақы реформасын жүргізуді ұсынды, – деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Парламентарий биылғы жылы ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілсе, келесі жылы 85 мың теңгеге дейін көтерілу жоспарланып отырғанын еске салды. Ал, оның айтуынша, ең төменгі зейнетақы мөлшері әлі күнге дейін 57 мың теңгеден сәл асар аспас шамада.

«Ең төменгі жалақы өмір сүру құнын ескере отырып белгіленеді, сондықтан ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіру үкіметтің алдында тұрған өзекті мәселелердің біріне айналуы тиіс деп есептеймін», – деді Жұбанов.

Депутаттың айтуынша, кейбір елдерде адамның зейнетақысы белгіленген ең төменгі мөлшерден төмен болса, әлеуметтік аударымдарды төлеу тәжірибесі бар.

«Сондықтан мен жаңа зейнетақы реформасын жүргізіп, ең төменгі зейнетақыны ең төменгі жалақыға сәйкестендіруді ұсынамын», – деп қосты ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: