Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы білім саласы мамандарына семинар өткізді

16.10.2023

706 0

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мұғалімдерге, әлеуметтік педагогтарға, ата-аналар мен мектеп полиция инспекторларына арналған «Синтетикалық есірткінің ағзаға зияны мен әсері. Синтетикалық есірткіні қолданатын адамды қалай тануға болады» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Нашақорлықтың алдын алуда білім беру мекемелері мен отбасының тәрбие қызметінің айқын маңыздылығын ескере отырып, семинардың мақсаты жасөспірімдер арасында ғана емес, сонымен қатар балалармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін білім беру жүйесінің қызметкерлері, полиция қызметкерлері арасында да ағарту және алдын алу жұмыстарын жүргізу болды.
Оқу орнында дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы рухани-адамгершілік құндылықтарды және олардың құрылымында салауатты өмір салтына құндылық бағдарларын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың есірткіден саналы түрде бас тартуы үшін қажетті білім, көзқарастар мен дағдыларды қалыптастыруда, сондай-ақ есірткіні қолданудан туындауы мүмкін жасөспірімнің мінез-құлқындағы өзгерістерді бірінші болып байқау мүмкіндігін беретін мұғалімдер.
Семинар балалар мен жасөспірімдердегі есірткіге тәуелділікті уақытылы анықтауға, сондай-ақ жасөспірімдердің есірткі заттарын тұтынуының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Іс-шараға 1000-нан астам тыңдаушы қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: