Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлзира Айдарбекова: «Қайратты Қайрат еткен мамасы» деген сөз баламның психологиясына әсер етті

06.10.2023

634 0

Гүлзира Айдарбекова «Қайратты Қайрат еткен мамасы ма?» деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Иә, ол сөзді өте көп айтты. «Қайрат мамасының баласы» деп. Қаншама жылдар бойына, керек десеңіз, баламның психологиясына да әсер етті десем де болады. Одан кейін ойлана-ойлана келіп, Қайрат оған бір концертінде жауап берді. Сен мүгедек болсаң да, сен қандай жағдайда бол мейлі, сені тастамайтын тек қана анаң. Жұмақтың кілті ананың табанының астында деп айтады ғой. Балам сол сөзді айтқанда жеңілденіп қалдым, өйткені өзім де ыңғайсызданатынмын. Енді бұл Алланың берген бағы ғой. Қаншама әнші бар. Қайраттан да дауысы, диапазоны мықты. Бірақ бақты Құдай кімге береді мысалыға? Кім көтере алады, соған береді деген сияқты ғой», – деді ол.

Гүлзира Айдарбекова сонымен бірге баласы Қайрат аса танымал емес кезде талай продюсердің табалдырығын тоздырғанын, алайда көпшілігі бұл ұсынысты қабылдамағанын айтты.

«Бұл жерде Қайраттың орнына мен барып ән айтпаймын. Анасының арқасында жүр дейтіндей. Қайраттың потенциалын көтеріп мен шығуына себепкер анамын. Менің ана жүрегім ғана оған көмектескісі келді. Оның арманын орындағым келді. Одан кейін де қаншама адамның алдына барып, продюсер болсаңыз екен деген өтінішім болды. Енді ол кезде Қайрат танымал болмаған соң ешкім елеген жоқ қой. Кейін шыққаннан кейін барып «Охо, бізге беріңіз» деп жатты. Бірақ ол кезде кеш еді. Мен енді бастаған ісімді аяқтап, өзім сонымен айналысып кеттім. Мен әлі күнге дейін қуанамын. Менің армандарым орындалғанына», – деді продюсер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: