Сенбі, 27 сәуiр, 23:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Hackathon: Үздік ІТ жобаларға білім гранты және қаржылай сертификат берілді

14.11.2023

308 0

Қызылордада Hackathon идеялар байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осы кезге дейін 1000-ға жуық жас ІТ бағытта жоба жасауға ынта танытқан. Ал, биыл «Әзірлеу», «Модельдеу», «Медиа&Білім» бағыты бойынша 120-дан аса жоба қорғалды.
ІТ салаға бейім жастар түрлі сайт, мобильді қосымшалар жасап, 3D модельдеу арқылы жобалар ойлап тапты. Сондай-ақ, жасанды интеллект, робототехника элементтері бар өнімдер ұсынды. Байқау аясында онлайн оқыту, анимация мен кинематография бағытында жаңаша жобалар жарыққа шықты.
Облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла «Hackathon – талантты жастардың стартап жобаларын қолдау арқылы олардың келешекте өз ІТ өнімдерін нарыққа шығаруына үлкен жол ашатын елеулі жоба екенін жеткізді.
Байқауға ниет білдірген жастар әлеуметтік, туризм, кәсіпкерлік және медиа бағытындағы өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жобалар әкелген.
Мәселен, жас ұстаз логопедиялық көмекті қажет ететін балалар үшін онлайн платформа ойлап тапқан. Ал, оқушылар аниме арқылы математиканы оқыту, нейрожүйелер арқылы тарихты таныту, ағылшын тіліндегі кино туындыларды қазақ тілінде дубляж жасап, жасанды интеллект арқылы қазақ ертегілерін оқытуға болатынын дәлелдеді.
Байқау нәтижесінде «Модельдеу» секциясы бойынша «Ақылды мектеп» жобасын жасаған Асылтас Шөментай, «Әзірлеу» секциясында «Game day» жобасымен Зарина Азенова және «Медиа және білім» секциясы бойынша «Fed up» жобасын жасаған Әли Талапқа Қорқыт ата университетінің білім гранты бұйырды.
Ал, жүлделі І, ІІ,ІІІ орын иеленген жеңімпаздарға 150, 100,50 мың теңгелік сертификат табыс етілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: