Жұма, 03 мамыр, 03:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Израиль мен ХАМАС соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келді

22.11.2023

555 0

Сурет: stan.kz

Израиль мен ХАМАС кепілге алынған израильдіктердің кейбірін босату, соғыс қимылдарын тоқтату және кейбір палестиналық тұтқындарды Израиль түрмелерінен босату туралы келісімді мақұлдады. Бұл жөнінде ВВС сайты хабарлайды.

Келісім нәтижесінде бірнеше шаралар қабылданды:

  • ХАМАС кепілге алынған 50 израильдік бейбіт тұрғынды, әйелдер мен балаларды босатты;
  • Израиль Газа секторында атысты 4 күнге тоқтатады;
  • Израиль шамамен 150 палестиналық тұтқынды – әйелдер мен балаларды түрмеден босатады;
  • Бітім кезінде Газаға гуманитарлық көмек пен жанар-жағармай тиелген жүк көліктері жіберіледі.

ХАМАС бес күндік атысты тоқтату кезінде «ұрланған” 30 баланы, сегіз ананы және тағы 12 әйелді босатуы керек.

Израиль ақпарат құралдарының хабарлауынша, алғашқы кепілге алынғандар бейсенбі күні босатылуы мүмкін. Оларды босату кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, күніне шамамен 12 тұтқын босатылады.

Заң бойынша жұртшылық 24 сағат ішінде белгілі бір адамды босатуға қарсы петиция жазуы керек.

Басқа да жаңалықтарды білгіңіз келсе, біздің Telegram-арнамызға жазылыңыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: