Бейсенбі, 02 мамыр, 21:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Израиль Түркиядағы дипломаттарын қайтарып жатыр

29.10.2023

461 0

Сурет ашық дереккөзден

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн Түркиядағы дипломаттарын кері қайтару туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы BBС хабарлайды.

28 қазан күні кешке Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ыстанбұлда палестиналықтарды қолдауға бағытталған және миллионнан астам адам қатысқан митингіде сөз сөйлеген болатын. Ол Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды террорист деп атап, Израильді басқыншылық үшін кінәлап, батыс елдерін палестиналықтарды жаппай өлтірді деп айыптады.

«Түркияның мәлімдемелерін ескере отырып, мен Израиль мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты қайта бағалау үшін сол жерде орналасқан дипломатия өкілдерін қайтаруды бұйырдым», – деп жазды Эли Коэн X желісінде (бұрынғы Twitter).

Айта кетейік, Ыстанбұлда бірнеше жыл бұрын жабылған Ататүрік әуежайы аумағында көптеген адамдардың қатысуымен Палестинаны қолдау үшін санкцияланған ауқымды митинг өтті. Оған Түркияның жоғары лауазымды тұлғалары, шенеуніктері мен ірі кәсіпкерлері қатысты және Ыстанбұлға Палестина және Түркия туын ұстаған адамдар жиналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: