Сенбі, 21 желтоқсан, 22:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Электронды арыз-шағым мәселесі талқыланды

27.10.2023

327 0

Қызылорда облыстық сотында «Е-өтініш» арқылы түскен арыз-шағымдарды тіркеу мен қарау, мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін кеңейту бағыты бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға облыстық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің прокуроры Ә.Күмісбеков, Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы Г.Сұлтанова, құжат айналымы бөлімінің басшысы А.Әбілқасымқызы, аудандық және оған теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары, арыз-шағымды тіркеуге жауапты мамандар қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Ә.Күмісбеков және А.Әбілқасымқызы баяндама жасап, «Е-өтініш» арқылы азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қабылдау және өңдеу мәселелеріне тоқталып өтті.
Баяндамашылар «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жасап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беруге жол ашатын бірегей жүйе, бұл жүйе арқылы келіп түскен өтінішті қабылдаудан бас тартуға болмайтындығын түсіндірді.
Ақпараттық жүйемен сот органдарының жұмыс жасау тәртібі басқа органдарға қарағанда өзгеше екендігін, соттарға түсетін өтініштердің басым көпшілігі іске қатысты және процестік заңнама аясында шешілуге жататындығын, сондықтан шешім бөлігін толтырарда мұқият болу қажеттігін өтті.
Дөңгелек үстелде бас маман Г.Тәуекел мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесін кеңейту бағыты бойынша баяндама жасап, іс жүргізу құжаттарында мемлекеттің тілдің үлесін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, соттарда жұмыс жоспарлары, өкімдер, хаттамалар, ішкі құжаттар, жедел кеңестер, соттардың мемлекеттік органдармен хат алмасуы мемлекеттік тілде жүргізілетінін айта келе, алдағы уақытта қаржы ұйымдарымен мемлекеттік тілде құжат айналымын қалыптастыру бойынша кездесулер ұйымдастыруды ұсынды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: