Бейсенбі, 02 мамыр, 21:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Кітапханашылар құрмет төрінде

24.10.2023

524 0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 24 қазан – Кітапханашы күніне орай «Кітапханашы – мәртебелі мамандық» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шара кітапхана қызметкерлерінің қызыл кілемнің үстімен жүріп өту шеруімен басталды.
Салтанатты шарада «Мәдениет саласының үздігі» медалімен М.Айгисинова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен М.Абдуллаева, «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен С.Баекеева, «Кітапхана саласының ардагері» төсбелгімен З.Оспанова, Н.Жаманқұлова, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлестігінің» төсбелгісімен А.Қалмағанбетова марапатталды. Сондай-ақ Қызылорда облыстық мәслихатының, Қызылорда облысының облыстық мәдениет және спорт басқармасының, Қызылорда облысы әкімінің алғыс хатымен бірқатар кітапханашылар марапатталды. Шара арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты.
Мерекелік шараға Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана, облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана мамандары, аудандық және ауылдық кітапханалардың кітапханашылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: