Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны 45-ке жетті

29.10.2023

541 0

Костенко шахтасындағы апаттан қаза болғандар саны сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 адамға жетті. 1 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті. Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды. Онда, шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы, металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері, желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды. Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. 

Сонымен қатар Сырым Шәріпханов апатты тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді. Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыстар жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: