Жексенбі, 05 мамыр, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін сотталған Қайрат Боранбаев түрмеден босатылмақ

21.10.2023

526 0

Қайрат Боранбаевқа шығарылған сот үкімі өзгертілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Үкімді ауыстыру кезінде сот мынадай мән-жайларды ескерді: сотталған адам жазаның заңмен белгіленген мерзімінің 1/3 бөлігін (2 жыл 4 ай 5 күн) өтеген; кінәлі мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеген, тергеу барысында белсенді түрде ынтымақтастық танытып және жасаған қылмысына өкінеді. Мекеме басшылығы тиісті құжаттарды тапсырып, өтінішті қолдады», – делінген хабарламада.

Сот шешіміне сәйкес Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: