Әлемдік додада көк туымызды желбіреткен отандасымыз Михаил Шайдоров пен аталмыш спорттық бәсекеде жоғары нәтиже көрсеткен Софья Самоделкина Қазақстанға келді, – деп хабарлайды KAZINFORM
Отандастарымызды туған-туыстары, достары және жанкүйерлері елордадағы әуежайдан қошеметпен қарсы алды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Олимпиада чемпионына ризашылығын білдіріп, ел мерейін асқақтатқан спортшыға құрмет көрсету керек екенін атап өтті.

– Біздің елімізде де мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы бар! Осындай чемпионымызбен мақтанамыз! – деді Головкин.
Көк туымызды көкте желбіреткен Михаил Шайдоров қысқы Олимпиадада тақым қысып, тілеулес болған отандастарына ризашылығын жеткізді.

– Мен барша жанкүйерге қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін және еліміздің атын әлемдік аренада таныту үшін қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын, – деді Олимпиада чемпионы.

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
