Жұма, 06 желтоқсан, 21:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96-2106
03.12.2024
PDF мұрағаты

Мэлс Елеусізов: Алматыны 12 баллдық жер сілкінісі күтіп тұр

26.09.2023

447 0

Эколог, қоғам қайраткері, «Табиғат» экологиялық қозғалысының төрағасы Мэлс Елеусізов Алматы қаласында кез келген уақытта 12 баллдық жойқын жер сілкінісі болатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Нартай Арайлбайұлына берген сұхбатта айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Алматы қаласын 12 баллдық жер сілкінісі күтіп тұр деген сөзді мен бекер айтып жүрген жоқпын. Баяғыдан белгілі зат, 1912 жылы үлкен сілкініс болды. Сол кезде 28 панфиловшылар паркіндегі орыстардың шіркеуі ғана аман қалған. Өте керемет салынған, қираған жоқ. Ал, Алматының барлығы қирап қалды. Ал, қазір сондай жағдай болса сұмдық болады. Ғылыми негізде енді кез келген уақытта болуы мүмкін. Себебі, арада 100 жыл өтті, тарих көрсеткендей әр 100 жылда қайталанады. 12 баллдық жер сілкінісінде адамдардың тірі қалу ықтималдығы өте нашар. Қазіргі үйлерден шыға алмай қалады.Совет үкіметі уақытында үйлер 5 қабатты ғана болатын, ал қазіргі 20-30 қабатты үйлер қиын. Жер сілкінісі 12 баллға баратын Индонезия, Жапония, Курил аралдары, Чили елдерінен кейін бесінші біз. Физикада «инерция покоя» деген ұғым бар. Ол дегеніңіз сейсмикалық толқын төменгі жақта болғанда жоғары жақ толық сақталады. Кезіндегі 5 этаж бекер емес. Қазіргі салынып жатқан үйлерде ешқандай сапа жоқ. Үкімет бұл мәселені шеше алмайды, әрине. Біз осыған байланысты ұсыныс жасап, көрсеттік. Трубадан жасалған шкаф болады,   электромагнитті толқын сейсмикалық толқыннан 10 секунд бұрын келеді. Сол кезде звонок шырылдағанда 5-10 секундта соның ішіне кіріп отыруға болады. Оның ішіне су, құжат, киім, бағалы бұйымдарды сақтауға болады. Негізі халық ақырын-ақырын қайтадан ауылға бару керек. Алматыда тұруға болмайды», – дейді эколог. 

Сондай-ақ, Мэлс Елеусізов Балқашқа АЭС салу мәселесіне байланысты да пікір білдірді. 

«Бізге жел энергиясын да пайдалануға болады. Жоңғар қақпасы деген жақта пойыздарды құлататын жел болатын. Балқаштың тереңдігі 6-ақ метр. Ол суды бірінші салқындату керек, әйтпесе жанып кетуі мүмкін. Біріншіден, қалдықтың мәселесі үлкен. Екіншіден, терроризм деген болады. АЭС-ке жетпей трубасын жарып жіберсе болды. Ал, оның бәріне қарап отыруға мүмкіндік жоқ. Оның үстіне Балқыштың суы жылы, ол жақсылыққа апармайды. Балқашқа салудың қажеті жоқ», – дейді ол. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: