Электрондық цифрлық қолтаңбаны иемденген алаяқтар келесі қадамдарға баруы ықтимал:
- пәтеріңізге кездейсоқ адамдарды тіркеуі;
- көлігіңізді қайта тіркеуі;
- сенімхат ресімдеу және қаржылық құжаттарға қол қоюы;
- нотариаттық мәмілелер жасауы;
ЭЦҚ қолмен жазылған қолтаңбамен тең екенін ескеріңіз. Жоғалған жағдайда оны дереу қайта шығару керек., сонымен қатар құпия сөзі де стандартты құпия сөзден күрделі құпия сөзге өзгерту керек.
Айтпақшы, ЭЦҚ – ны eGov.kz порталы арқылы да, Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Қызылорда облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметі