Бейсенбі, 02 мамыр, 04:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Немере болса бәріне шыдайтын ем»: Айдарбекова ұлы неге ажырасып кеткенін ашып айтты

02.11.2023

450 0

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші ұлы Заңғар Нұртас не себепті ажырасып кеткенін ашып айтты. Ол бұл жағдай өзіне аса ауыр тигенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекованың айтуынша, ұлы мен келіні отбасылық өмірде бір-бірінің адамы емес екенін түсініп, артынан ажырасуды жөн көрген. Ол екеуінің де өз бақытын табатынына сенім білдірді. Продюсер ханым олардың шешіміне көнгенімен, арада бала болғанда «бұл отбасыны сақтап қалу үшін барын салар едім» деді. «Қатты қиыналдым. Менің енелік тәрбием дұрыс болмаған соң, келінім кетіп қалған сияқты болды. «Гүлекенің келіні кетіп қалыпты» деген сөздің өзі маған ауыр тиді. Бірақ, ол мүмкін емес болды. Өйткені ол менің ұлымның өмірлік жары болды. Одан сен қаншама ұрпақ сүйесің. Енді оның іздеген әлемі басқа болды. Біздің әлемге келісе алмайтын болғаннан кейін, балам да, өзі де түсінді. Содан кейін жай ғана бөлінгенін қаладық. Олар әлі жас, артында жылап қалды дейтіндей ұрпағы жоқ. Ол жерде бір немере болса мен жабысып қалатын едім. Қандай қиындық болса да шыдайтын едім. Ол да мүмкін өз бақытын тауып қалар. Заңғар да өз бақытын тауып қалар. Екеуі бір-бірінің адамы емес екен ғой деген тұжырымға келдім. Соған көндім», – деді Айдарбекова Мақпал Қаратайға берген сұхбаты кезінде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: