Сәрсенбі, 16 қазан, 07:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№82-2092
15.10.2024
PDF мұрағаты

Облыста қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал қандай?

20.11.2023

579 0

Жыл басынан бері Қызылорда облысында лабораториялық зерттеу нәтижесімен нақтыланған қызылша ауруының 1106  жағдайы тіркелді.  973 жағдай – 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды, оның ішінде 252 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында орын алды. Ересек тұрғындар арасынан 133 науқас анықталды. 

Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған, олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 68%-ын құрады, оның ішінде медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты егілмегендер үлесі – 14,5%, егілетін жасқа жетпегендер үлесі – 33,4%, вакцинациядан бас тартқандар үлесі – 51%, сондай-ақ жоспарлы вакцина алуға тиісті мерзімде негізсіз себептермен екпе алмай жүргендер көрсеткіші – 1,1 %-ды құрады. Бұдан бөлек, 120 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталды. Ауырғандардың ішінде екпе алған науқастар да бар, алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған, тек 1 дозасын алған, яғни  ағзада толық иммунитет қалыптаспағандар арасынан ауруды жұқтырып алу деректері орын алып отыр.

Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалдың тек біздің елде емес, бүкіләлемде күрделенуінің себебін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясы салдарынан халық арасында қызылша ауруына қарсы вакцинациялау барысының әлсіреп, екпеден бас тартушылар санының артуымен байланыстырады. Себебі ұжымдық иммунитет бәсеңдеген сайын, ауру жұқтырып алу қаупі күшейе түседі. Қауіп тобында – екпе алмаған, иммунитеті әлсіз адамдар.

Аурудан сақтанудың басты жолы ретінде  бүгінгі күні тиісті контингенттер арасында қосымша жаппай иммундау 6 қарашадан басталып, жүргізілуде, 3416 адам қызылшаға қарсы екпе алды. Әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баршаңызды, әсіресе ата-аналарды өз балаларын ауруға қарсы вакцинациялауға шақырады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: