Сейсенбі, 21 мамыр, 04:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Облыстық Жайдарман сайысы өтті

26.09.2023

385 0

Қызылорда облысының 85 жылдығына орай ағымдағы жылдың сәуір айында бастау алған облыстық «Жайдарман» сайысының финалдық кезеңі өтті.

Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен барлық аудан орталықтарында өткен іріктеу кезеңдеріне жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларынан құралған 70 команда қатысып, үздік деп танылған 10 команда финалдық кезеңде бақтарын сынады.Әділқазылар алқасының шешімімен «Мәншүк құрамасы» (Қызылорда қаласы) – І орын, «Заңғар құрамасы» (Жаңақорған ауданы) – ІІ орын, «Шиелі жастар құрамасы» – ІІІ орын иеленді. Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлық сертификаттары табысталды.Сондай-ақ, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды сақтауға, отансүйгіштік пен ұлттық сананың биік адамгершілік ұстанымдарын насихаттауға қосқан үлестері үшін барлық қатысушы командалар Қызылорда облысы әкімдігінің Алғысымен марапатталды.Айта кету керек, аймақта мемлекеттік тілдегі «Жайдарман» қозғалысын дамыту бағытында тұрақты түрде шаралар қабылданып келеді.Қызылорда облысына қарасты барлық 7 аудан орталығы мен Байқоңыр қаласында арнайы жайдарман лигалары құрылып, тұрақты түрде жергілікті деңгейдегі сайыстары өтіп келеді. Аталған лигалар құрамында студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған 25 команда, аудан мен ауылдардағы шығармашыл жастардан құралған 60 команда бар. Командалар құрамында 1000-нан астам жастар өнер көрсетуде.Сыр елінің өнерлі жастарының бағындырар белестері көп болсын!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: