Бейсенбі, 02 мамыр, 13:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Облыста энтеробиоз аурушаңдығы төмендеді

26.10.2023

235 0

Энтеробиоз – бұл паразиттік ауру, негізінен 2 жастан 10 жасқа дейінгі балалар осы жұқпалы аурудан көп зардап шегеді, сонымен қатар үлкен балалар мен ересектер де ауырып қалуы мүмкін.

Қызылорда облысында 2023 жылдың 9 айында аурушаңдықтың 141 жағдайы тіркелді. 2022 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 9,6% төмен болып қалыптасты. Мектеп оқушылары арасында контагиозды ауруының тіркелуі 37,5% құрайды. 

Энтеробиозбен ауыратын адам инфекция көзі болып табылады. Күнделікті өмірде құрт жұмыртқалары киімде, ойыншықтар мен жиһаздарда орналасады. Ауру баланың ұйқысын бұзып, ауыр қышуды тудырады. Теріні қышу жұмыртқалардың таралуын және ауруды өзіне қайта жұқтыруға әкелуі мүмкін.

Бұл ауру оңай жұғады және одан жазылу күрделі. Ішек құрттары көп мөлшерде көбейген жағдайда және ішек ортасында өлген құрттар дененің интоксикациясын, бас ауруын, тәбеттің болмауын, тітіркенуді, иммунитеттің жоғалуын тудырады. Аппендицит, дисбактериоз сияқты асқынулар болуы мүмкін.

Егер бала ауырып қалса, онда ол емдеу кезеңінде және зертханалық тексерудің теріс нәтижесіне дейін ұйымға келуден босатылады және бала сауыққаннан кейін білім беру ұйымына қайта баруға рұқсат.

Ауру өздігінен кетпейді, сондықтан оны әрдайым емдеу керек. Ауру белгілері пайда болған жағдайда жергілікті емханадағы дәрігер көмегіне жүгіну қажет.

Дәрігердің кеңестерін қатаң сақтап, баланың төсек-орындары мен іш киімдерін күн сайын ауыстырып, көрпе, матрац, жастықтарды шаңсорғышпен тазалап немесе оларды үш күн бойы үйден тыс жерде сілкіп алу керек, үй-жайларды күніне екі рет жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып дымқыл тазалап алу, пластмасса және резеңке ойыншықтарды ыстық сумен және сабынмен жуып, жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес береміз.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: