Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 16:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Отбасымызда үлкен қуаныш». Баян Мақсатқызы қайын атасын құттықтады

26.10.2023

737 0

Сурет ашық дереккөзден
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы Тұрым Алагөзовті Еңбек сіңірген қайраткер атағын алуымен құттықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Отбасымызда үлкен қуаныш! Әкеміз, композитор әрі дирижер Алагөзов Тұрым Сағидоллаұлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері жоғары мемлекеттік марапатын алды. Біз өте мақтан тұтамыз әрі әкемізге зор денсаулық пен шабыт тілейміз! Осы қуанышты оқиғаны атап өту үшін оның үйге оралуын күтеміз!», – дейді ол.

Желі қолданушылары олардың қуанышына ортақтасқан.

«Құттықтаймыз», «Лайықты атағын уақытылы алғаны құтты болсын», «Тұрұм Алагөзовтың Ақтөбеде ең алғашқы хор ұжымын басқарғаны әлі есімізде. Ақтөбеліктер үшін үлкен мақтаныш», «Құтты болсын! Лайықты марапат», «Өмір жасы ұзақ болсын!», – дейді олар.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: