Бейсенбі, 02 мамыр, 23:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қайрат Нұртас әнші Индира Елеместі күйзеліске түсірген

26.09.2023

331 0

Әнші Индира Елемес «Қызықты weekend» бағдарламасында Қайран Нұртасқа реніші бар екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, екеуінің ренішіне әріптесінің әнді рұқсатсыз орындауы себеп болған.

«Карантин уақытында Мұстафа Сандал мен Зейнеп Асктің «Mood» әні ұнап қалды. Арнайы Ыстамбұлға осы кісілерді іздеп бардым. Әнді орындауға рұқсат алып, елге келдім. Сөйтсем, Қайрат Нұртас Мәдина Сәдуақасовамен бірге дәл осы әннің қазақша нұсқасын айтты. Менің айтайын деп тұрғанымды біле тұрып, орындады. Оның үстіне ол рұқсат алмай орындаған. Қатты күйзеліске түстім, бірақ Құдайдың құдіреті, кейіннен Мұстафа Сандал екеуіміз дуэт орындадық. Өзі ұсыныс айтып, Каппадокияда клип түсіріп, YouTube арнасында 25 миллион қаралым жинаған еді», – деді әнші.

Индира Елемес сонымен бірге өнердегі ұстазы, марқұм Арман Дүйсенов туралы да айтты.

«Арман ағамен 2015 жылдан өмірден өткенге дейін жақын, отбасы болып араластық. Студияда күнде көрісетінбіз. Өмірден өтерінен бір күн бұрын сөйлестік, көрістік. Ертесі таңертең суық хабарды жеткізді, сенбедім. Қайтыс болған күннің ертесіне Стамбулға кету керек болған. Билет бәрі алынып қойған еді. Тағдыр, Алланың осылай жазғаны… Қатты жүрегіме алдым. Әлі де маған Арман аға туралы айту қиын. Қайтыс болған кезде де қасына кіргенмін. Көз алдымнан ол кетпейді», – деді Индира Елемес.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: