Жексенбі, 08 желтоқсан, 14:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қаза тапқан кеншілердің отбасына қажетті көмек толық көрсетіледі

28.10.2023

818 0

Премьер-министр Әлихан Смайылов Костенко атындағы шахтасында болған өрт салдарынан зардап шеккен кеншілермен кездесу кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазіргі уақытта Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада зардап шеккен 20 кенші қажетті ем алуда. Олардың көбі газдан уланған, алайда барлығының жағдайы – тұрақты, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Премьер-министр зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.

«Барлығыңызға тезірек сауығып, отбасыларыңызға аман-есен оралуларыңызды тілеймін», — деді Әлихан Смайылов.

Кеншілердің бірі қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына қандай көмек көрсетілетіні туралы сұрады.

«Бұл – шынымен де өте ауыр қасірет. Қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамыз. Бүгін Мемлекет басшысы қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қаражат бөлу туралы тапсырма берді. Толығымен қолдау көрсетеміз: баспана, несиелерді өтеу, балаларды оқыту, біржолғы төлемдер – мұның барлығымен қамтамасыз етеміз», — деді Смайылов. 

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жедел штабтың отырысын өткізіп, комиссия мүшелеріне тиісті тапсырма берген еді. Сонымен қатар ол үкімет жұмысын сынға алды. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: