Сенбі, 27 сәуiр, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көмек береді

03.11.2023

577 0

Қазақстан Палестина халқына 1 миллион доллар көмек береді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент Ресей мен Украина, Палестина мен Израиль арасында қанды қақтығыс болып жатқанын атап өтті.

«Жетінші. Медиацияның (Mediation) рөлін арттыру – өзекті мәселе. Қазір айналамызда күрделі ахуал қалыптасып отыр. Солтүстікте Ресей мен Украина, Таяу Шығыста Израиль мен Палестина арасында қанды қақтығыс болып жатыр. Ауғанстанның жағдайы да тұрақсыз. Батыста заңсыз көші-қон мәселесі ушығып тұр. Бүгінде Газа секторындағы бейбіт тұрғындар, әсіресе, балалар және қарттар жанжал азабын шегіп жатыр. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Осы орайда, Қазақстаннан Палестина халқына 1 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек беру туралы шешім қабылдадым. Ондаған жыл бойы шешімін таппаған өзекті мәселелерді зорлық-зомбылық көрсету және лаңкестік әдістер арқылы шешу мүлдем дұрыс емес. Қазақстан мұндай тәсілдерді қатаң айыптайды. Ахуал ушығып кетсе, оның салдары тіпті ауыр болуы мүмкін. Бұл ретте кез-келген жанжалды бейбіт келіс-сөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешуге шақырамыз. Біз үшін әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық. Халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мүлтіксіз орындау маңызды», – дейді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бірікке Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне де тоқталды.

«Қазір Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің қызметі тоқырауға түскені жасырын емес. Осындай кезде Бас Ассамблеяның рөлін күшейту керек. Бұл ретте Қауіпсіздік Кеңесін реформалау ісінде мейлінше сындарлы болу қажет. Біздің ойымызша, бұл маңызды орган әлемнің барлық аймағын қамтитын мемлекеттермен толығуға тиіс. Әсіресе, жаһандық Оңтүстік елдері тыс қалмауы керек. Әлемдегі күрделі үдерістерге қатысты түркі елдерінің іс-қимылдары барынша байыпты болғаны жөн. Бұл тұрғыда түркі интеграциясын бекемдей түсуге баса мән бергеніміз абзал», – деді Тоқаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: