Сенбі, 04 мамыр, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан ВВС-ге видео орналастыру үшін 63 миллион теңге төлеген

22.09.2023

344 0

Түркістан облысының туризм басқармасы BBC World News-ке видео дайындап, орналастыру үшін 63,4 миллион теңге төлеген. Бұл туралы  ProTenge Telegram-арнасы хабарлайды. 

ProTenge мәліметінше BBC World News арнасы 30 секундтық видеоны Еуропа, Таяу Шығыс пен Орталық Азияда екі апта көрсетуі керек болған. 

«Сонымен қатар баннерді ВВС-дің барлық сайттарында орналастыруы керек. Келісімшарт Түркістан облысының туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы арасында жасалған», – деп мәлімдеді сарапшылар.

Бейнеролик «турзимді дамытуда жоғары көрсеткішке жету» үшін дайындалған екен. 

«Бізде келесі сұрақ туындайды: туризм басқармасы өздері қалаған көрсеткішке жете алды ма?» – деп жазды Telegram-арнаның өкілдері. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: