Сенбі, 27 сәуiр, 16:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда қарашада қандай өзгерістер болады?

01.11.2023

500 0

Қазақстандықтар қарашада қанша күн демалады?

Қарашада Қазақстанда бірде-бір мемлекеттік немесе ұлттық мереке жоқ. Сондықтан бұл айда қазақстандықтар тек демалыс күндері демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы мына төрт күн демалыс: 5, 12, 19 және 26 қараша.
Бес күндік жұмыс аптасы үшін бұған қоса мына төрт күн – 4, 11, 18 және 25 қараша демалыс күндері ретінде қосылады.
Қазақстан мен Қытай арасында 10 қарашадан бастап визасыз режим күшіне енеді

Ортақ келісімге сай, екі елдің азаматтары енді туризм, емдеу, халықаралық тасымалдау, транзит сондай-ақ, іскерлік мақсаттар үшін визалық талаптардан босатылады.

«2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында (ҚХР) қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енеді», – делінген хабарламада.

Шекарадан өткен күннен бастап 30 күнге дейін виза талап етілмейді.

Жұлдызжорамал: қараша айында кімдер қаржылық проблемалардан құтылады?

Қараша айына арналған жұлдызнама бойынша, бірнеше жұлдыз белгісі өкілдері қаржылық проблемалардан арылады. Біреулер сыйлықақы алса, тағы біреулерге ескі қарыздарын қайтарады. 

Тоқты

Қарашада Тоқтыларда қаржылық істерде сенімділік пайда болады. Кірістің аздап көтерілуі күтіледі: сыйлықақы алуыңыз немесе қосымша кіріс көзін табуыңыз мүмкін. Инвестициялау бойынша ұсыныс алсаңыз, абай болыңыз. Айдың ортасында қарыз алудан немесе қомақты нәрсе сатып алудан аулақ болыңыз.

Шаян

Күздің соңында қаржылық салада тұрақтылық күтіңіз. Қараша айы бұл жұлдыз белгісі өкілдері үшін қомақты нәрсе сатып алуды немесе инвестицияға ақша салуды жоспарлауға жақсы уақыт. Алайда аса қажет болмаса, несие алмауға тырысыңыз.

Арыстан

Қарашада Арыстандарды қызықты қаржылық мүмкіндіктер күтіп тұр: жаңа кіріс көздері немесе жалақысы жоғары жаңа жұмыс. Детальдарға мән беріңіз, әсіресе, келісімшартқа қол қоятын кезде мұқият оқыңыз. Мұқият анализ жасамай, ақшаңызбен тәуекел етпеңіз.

Сарышаян

Күздің соңғы айы күтпеген қаржылық ұсыныстар әкеледі. Капиталыңызды арттыруға мүмкіндік туады. Бірақ ұсыныстарды қабылдамас бұрын оны жақсылап тексеріңіз.

Балықтар

Қараша айы сізге қаржылық салада жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл жаңа жұмыс, жоба немесе басқа кіріс көзімен байланысты болуы мүмкін. Қаржылық қауіпсіздікке ұмтылыңыз.

Алматыда үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасы 1 қарашадан басталады

Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қала тұрғындарын 2023 жылғы 1 қарашадан бастап, 20 желтоқсанды қоса алғанда, үй жануарларын тегін чиптеу және тіркеу бағдарламасының басталатыны туралы хабардар етеді. Аталған бағдарлама шеңберінде, 15 мың үй жануарын (иттер мен мысықтарды) чиптеу және тіркеу көзделген.

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы  20 мамырдағы №169 «Үй жануарларын есепке алу қағидасын және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, барлық үй мысықтары мен иттері белгіленген (болюспен, чиппен, білезікпен немесе мойын жағасымен, электрондық белгісімен, құлақ сырғаларымен немесе басылған таңбамен) және «TANBA» үй жануарларын есепке алудың бірыңғай базасында тіркелген болуы тиіс.

Қарашада ауа райы қандай болады?

Күздің соңғы айының басы әлі жылы күндермен қуантады. Бұл ретте елдің басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың ауысуымен жаңбыр мен қар, көктайғақ, тұман, екпінді жел түріндегі жауын-шашынмен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталатын болады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана – қарашаның басында сондай күн райы болмақ. Ал бірінші онкүндіктің ортасынан бастап ҚР басым бөлігінде жауын-шашын азаяды.

Бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндігінің басында антициклон әлсіреп, күн жылиды. Қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде ауа-райы да құбылмалы болады деп болжанып отыр, жылы және аязды күндер жиі өзгеріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел кезең ішінде болжанады. Солтүстік өңірлерде жекелеген күндері төмен қарлы боран болуы мүмкін, ҚР аумағы бойынша көктайғақ пен тұман да болып тұрады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: