Жексенбі, 28 сәуiр, 22:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Қазақстанның үздік тауары-2023» көрме-байқауы басталды

28.10.2023

157 0

Бүгін Астана қаласында «ЕХРО» Халықаралық көрме павилионында «Қазақстанның үздік тауары-2023» көрме-байқауы басталды. Оған 20 өңірден барған 180 кәсіпорын қатысуда.Көрмеге Сыр елінен «Орда СтройМарт» ЖШС (Жаңақорған ауданы, әк өндірісі), «NOMAD» ЖК (Қызылорда қаласы, керамикалық раковиналар), «Қызылорда дизайн» ЖШС (Қызылорда қаласы, дайын металл бұйымдары) өндірістік мақсаттағы тауарларымен барды. Ал «Үздік азық-түлік тауарлары» көрмесіне «Жаңажол» (Қармақшы ауданы, күріш өндірісі), «Алтын Орда» Қызылорда қаласы, тұз өндірісі), «Асыл дән LTD» (Қызылорда қаласы, күріш өндірісі) серіктестіктерінің өнімдері қойылған. «Халыққа арналған үздік тауарлар» көрмесіне түйе жүнінен тоқыма бұйымдарын өндіретін аралдық «Жумашева Индира Жаилгановна» ЖК «Ай-Аружан» брендімен қатысуда. Сонымен бірге «Казбергенов Н» ЖК-ның «Қазалы» кәмпиті, «Тәтті әлем» ЖК-ның кондитерлік өнімдері ұсынылған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: