Сәрсенбі, 08 мамыр, 19:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Қазақтың бұған араласатын жөні жоқ». Айдос Сарым Палестинаны қолдап, Израильді жек көретіндер туралы айтты

03.11.2023

427 0

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Қазақстанның Таяу-Шығыста болып жатқан қақтығысқа қатысты позициясын түсіндірді. Оның пікірінше, халқымыз қиын жағдайда қалса, ойлайтын ешкім жоқ. Сондықтан ұлттық мүдде тұрғысында жұмыс істеуді бір ізге түсіру керек. Massaget.kz тілшісі осы тақырыпта депутатпен сұхбаттасты.

Депутат қоғамда қызу талқыланып жатқан мәселеге қатысты ойын айтты. Өйткені ел арасында бір топ Палестинаға көмек қолын созу керек десе, енді бірі Израильді қолдап отыр.

«Бұл жерде әр мемлекет өз мүддесін алға қоюы керек және соның түпкілікті мақсатын, содан түсетін пайданы есептеуі қажет. Екіншіден, Палестина – араб мәселесі. Елдің маңайында Бірікке Араб әмірлігі мен Сауд Арабиясы және басқа да араб мемлекеттері бар, олар неге бірінші араласпайды? Бұл жерде Қазақстан неге араласуы керек деген сұрақ туындайды. Израиль-Палестина мәселесі – ғасырға жуық келе жатқан дау. Иә, әркімнің өз ұстанымы мен көзқарасы болады. Біздің Сыртқы істер министрлігі бұл бағытта нақты позициясын білдірді. Яғни «екі ел арасындағы жанжал бейбіт түрде шешілгені жөн. Екі мемлекет пайда болуы керек және олар бірін-бірі мойындауға тиіс. Мәселені бейбіт жолмен шешуді қарастыру керек» дегендей ұстанымын жариялады. Менің ойымша, қазақ қоғамының осыдан артық позиция ұстануына ешқандай жөні жоқ», – дейді депутат.

Айдос Сарым әлеуметтік желіде «бұл оқиға елдің басына туу мүмкін» деген ақпарат таратып жүргендерге қатысты да пікір білдірді.

«Қазақстанда бір жағдай болған кезде ешқандай ел дүрліккен жоқ. Таяу-Шығыстағы халықтардың біразы Қазақстан деген мемлекеттің бар екенінен де хабар жоқ. Сондықтан ең алдымен өз ішкі мәселемізді шешіп алуымыз керек. Біз мұсылман екенбіз деп топырлай берудің қажеті жоқ. Бұл әлем, адамдар секілді әр ел өз алдында бөлек. Біздің мүддеміз айқын көрсетілген саясат ұстануымыз керек. Өз арамыздан шыққан кейбір тентектердің (халықты ертіп – еск.) маңдайынан шертіп жіберуіміз керек. Егер Таяу-Шығыстағы оқиғаға шын жаның ашыса, сол жаққа барып, әңгімеңді айт деу керек. Әлеуметтік желіде кейбір қазақстандықтар Израильге мұнай сатуға қарсы болып, петиция жариялаған еді… Егер Израильге мұнай сатпасақ, ол батыс өңірлерге қаржының аз түсуіне алып келеді. Жылдық бюджет қажет деңгейде жиналмайды. Салдары өңірдегі жұмысшылар мен мамандарға тиеді. Иә, біз Палестинадағы жағдайға адам ретінде жанымыз ашиды. Сұрапыл соғыс пен бейбіт халықтың зардап шеккеннін ешкім қаламайды. БҰҰ-ның жанынан да бұл мәселе туралы дипломаттар да жиі көтеріп жатыр. Ал егер де бұл жағдай біздің елде болса ше? Біздің еліміздің күнделікті жайы туралы ешқандай жерде жарияланбайды. Біз мұсылманбыз ба, басқасымыз ба деген әңгімені емес, мұсылман елдері көп, олардың ішінде де Қазақстанға жау елдер бар. Қазақ бүлінсе екен деп жүрген мұсылман топтар да бар екені бәрімізге мәлім. Сондықтан да мұсылман елі деп олардың жағына шыға беру бізге міндет емес. 22 араб мемлекеті Газадағы 2 миллион халықтың жағдайын осы уақытқа дейін шешіп берген жоқ. Қуанып өзіне қабылдап алып жатқанын естімедім», – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: