Сенбі, 25 мамыр, 00:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Құқығы қалпына келтірілді

02.11.2023

595 0

Қармақшы аудандық сотымен азаматша Л.-ның заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы өтініші бойынша азаматтық іс қаралды. 

Азаматша Л. арызында 1993 жылдан бастап 1997 жыл аралығында Кумекбаев кеңшарындағы ауылдық ауруханада медбике болып жұмыс атқарғанын көрсеткен. Алайда, еңбек кітапшасындағы осы жайлы қызметі жазылмаған.  

Қазіргі кезде, ол жөніндегі мәліметтерді дәлелдейтін құжат архивтен табылмауына байланысты еңбек қызметін сот тәртібімен анықтап беруін сұраған.

Қазақстан Республикасы АПК-нің 305 бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.

Сот процесі барысында Л.-ның тарапынан тиісті дәлелдейтін ақпараттар мен құжаттар ұсынылды. 

Сот дәлелдемелердің негізінде, арыз берушінің өтінішін толық қанағаттандырды, осылайша оның құқығы қалпына келтірілді.

Дәріхана қызметкеріне қатысты үкім шықты

Қармақшы аудандық соты «А.» ЖШС-нің  қызметкері Р.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.    

Сотталушы «Kaspi» кассалық терминалы арқылы тұтынушыларға дәрі-дәрмектерді сатып, артынша аталған терминалдан тұтынушының қаражатын өзінің «Kaspi» шотына аударып алып, өзінің қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп, жымқырып, өзінің қылмыстық іс-әрекетін әрі қарай жалғастырып отырған. Нәтижесінде жәбірленуші «А.» ЖШС-на барлығы 1 148 213 теңге мөлшерінде мүліктік залал келтірген.

Сотталушы Р. дәріханаға келген залалдың 435 000 теңгесін төлегенін, қалған 713 213 теңге материалдық шығынды толық қайтаратынын, азаматтық талапты толығымен мойындайтынын көрсетіп, жәбірленуші өкілінен кешірім сұрап, бұрын сотталмағанын ескеріп, өзіне жеңілірек жаза тағайындауды сұраған.

 Сот үкімімен сотталушы Р. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен  кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚК-нің 44-бабының талабына сәйкес бас бостандығын шектеудің бүкіл тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.

Сотталушы Р. жергілікті атқарушы органдар айқындайтын орындарда жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылды.  Үкім заңды күшінде.

 Қармақшы аудандық соты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: