Бейсенбі, 02 мамыр, 20:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының әкімі пәтер кілтін табыстау кезінде неге «ашуын» ұстай алмай қалғанын түсіндірді

07.12.2023

572 0

Нәлібаев бұл жағдай Арал ауданында 100 отбасыға үй кілтін табыстау кезінде болғанын айтты. 

“Шын мәнінде онда келеңсіз оқиға болған жоқ. Кеше маған баспасөз хатшым жағдайды баяндады. Оны (видеоны) шығарған азаматтардың ары білер. Өздеріне абырой жинап, рейтинг көтеру үшін осы видеоны монтаждап шығарған. Менің баспасөз хатшымның айтуы бойынша, (Видеоның) жылдамдығын көбейтіп өзгертіп, басын әсерлеп, өзіне қажет, халыққа өтетін жағын алып көрсеткен. Бұл жөнінде баспасөз хатшым айтты. Олар (бұлай істегенін) мойындап, кешірім сұрады. (Әлеуметтік желіде) жазбаларын жариялаған”,-деп түсіндірді облыс әкімі.

Өңір әкімі видеоның түпнұсқасы, ресми парақшада жарияланғанын айтты. 

“Оның өздеріңіз де көрсеңіздер болады. Мен олардың кім екенін білмеймін. Ал бізде сол іс-шараның қалай өткені туралы өз парақшамызда (Қызылорда облысы әкімдігі – автор) видеоның түпнұсқасы тұр. Содан көрсеңіздер болады. Жағдайдың қалай, не болғанын, – деді өңір басшысы Нәлібаев.

Нәлібаев видеоның толық нұсқасында жағдай мүлдем басқа екенін айтты. Сондай-ақ ол жаңа ғимараттар ашылғанда бұрынғыдай лента қыймаймын деді.

“Сол елдің үлкендеріне, ардагерлерімізге лентаны қидырамыз. Олардың батасын аламыз. Кілт беру рәсімінде біреуін тапсырып, қалғанын ардагер ақсақалдар тапсырсын дейміз. Видеоның толық нұсқасын көрсеңіздер, қарындасымыз келді. Мен ардагерге (кілтті) апар деп қолыммен көрсетіп жатырмын. Күн салқын болды. Екінші (кілтті) алатын адам кезекте тұр. (Кілтті) алмағасын оны алып, өзім бердім. Онда тұрған не бар? Баспана алған кісімен суретке түстім. Бара беріңіз деп айттым. Себебі, кезекте тағы кілт алатын адамдар болды”,- деді  әкім. 

Осы жағдайды баяндай келе облыс әкімі журналистерге өтініш айтты. 

“Әріптестер, өкінішке қарай бәріміз емес, кейбір осындай азаматтар өзінің рейтингін көтеру, абырой жинау үшін, тырнақ астынан кір іздеп, осындай әрекетке барады. Мұны дұрыс емес деп есептеймін. Сын айтылуы керек. Оны біз қабылдаймыз, одан қорытынды шығарамыз. Бірақ ол шынайы болуы керек”, – деді облыс әкімі  ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: