Дүйсенбі, 06 мамыр, 09:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Саналы ата-ана» жобасы аясында ата-аналармен кездесу өтті

11.11.2023

547 0

«Respublica» партиясы» Қызылорда облыстық филиалы «Саналы ата-ана» жобасын бастады. Жоба аясында Қызылорда облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Қызылорда қаласындағы №189 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өтті.

Кездесу барысында «Құқық бұзушылық пен қылмыс, кибербуллинг пен лудомания, нашақорлық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында ақпараттар берілді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар мен ойынқұмарлық және нашақорлық туралы түсірілген бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында, ата-аналарға жасөспірім балаларын қадағалауға, бос уақыттарын тиімді өткізулеріне үлес қосуға, қоғамдағы жасөспірімдер арасындағы теріс әрекеттерден сақтауға кеңес берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: