Жексенбі, 28 сәуiр, 05:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Риддер ЖЭО станциясы мемлекет меншігіне қайтарылды

26.10.2023

391 0

Сурет ашық дереккөзден

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы меншік иелері 5,5 млрд теңгеден астам борышын, оның ішінде жалақы және салық міндеттемелері бойынша қарыздарын төледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Осылайша, жылу энергиясын өндіру станциясы қарызсыз мемлекет меншігіне өтеусіз негізде қайтарылды.
 
Еске сала кетейік, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары жөндеу жұмыстарына арналған қаражатты ұрлаған, нәтижесінде қала тұрғындары жылу энергиясын беру кезінде станция бірнеше рет істен шыққан.

Жылу электр орталығының бұрынғы басшыларына қатысты мемлекетке аса ірі мөлшерде, 4,1 миллиард теңге сомасында залал келтірді деген күдікпен, алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. 

ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: