Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Ринат Зайытов депутат болғалы өмірінің өзгергенін айтты

06.01.2024

592 0

Сурет: stan.kz

Ақын, сазгер Ринат Зайытов ҚР Мәжіліс депутаты болғалы өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  хабарлайды.

Ол 2023 жылдың наурыз айында депутат болып сайланды. 

“Өмірімде өзгеріс көп. Жалпы парламентте айтатын болсам, жиналыстың 90 пайызы қазақша өтеді. Бұрын атын атауға болмайтын шенеуніктерді қазір емін-еркін айта аламыз. Көптеген заң шығаруға қатысып жатырмыз. Бұрын билік басындағылар өздерінің ыңғайына қарай заңды жасап алғанын білесіздер. Қазір соларды реттеп жатырмыз. Күнде жаңа заңдар мен ескі заңдар арасында жүгіріс жұмыс көп. Оның үстіне біз мүше болған “Әлеуметтік-мәдени даму” комитеті ең үлкені әрі жұмысы көп басқарма. Ең көп хат бізге келеді. Қоғамдағы көп мәселемен тікелей біздің комитет араласады”, – деп жауап берді депутат. 

Сондай-ақ мәжілісмен депутаттың жұмысы көп емес деп ойлағанына ұялатынын айтты. 

“Парламентке келмей тұрғанда депутаттарда көп жұмыс жоқ шығар деп ойлайтынмын. Бір күндік жұмыс кестемді айтып берейін. 9-да жұмыс басталады. Сағат 10-да комитеттің отырысы болады. Ол 2-3 сағатқа созылуы мүмкін. Одан түскі ас уақыты болады. Оны ішсең ішесің ішпесең ертеңгі сәрсенбіде болатын пленарлық отырысқа дайындаласың. Ол жерде депутаттық сауал жолдағың келсе тақырыпты зерттеуіңе бір апта уақытың кетеді. Күніне 15-20 шақты Е-gov порталынан хат келеді. Оларға жауап бересің. Әрқайсысын оқып, тиісті министрлікке жолдайсың. Қазір Mass media заңы төңірегінде әлі тартыс жүріп жатыр. Ең ұзаққа созылған заң болайын деп тұр. Осындай жұмыстар болмаса үйге ерте қайтуға болады”, – дейді Ринат Зайытов. 

Депутаттың айтуынша, портал арқылы келетін хаттан бөлек жеке телефонына хабарласып, мәселесін айтатын халық қарасы көп көрінеді. 

“Халықтан келетін хатқа жауап беруге міндеттіміз. 30 күн ішінде жауап алмаса сотқа беруге құқығы бар. Одан бөлек жеке телефоныма хабарласып, мәселесін айтатын адамдар бар. Түнгі 1-де бала-шағаңмен отырғанда хабарласады. “Киік қырылып жатыр, сендер түк істеп жатқан жоқсыңдар. Не үшін сендерді сайладық, адам емессіңдер” деп балағаттап, ұрсатындар да кездеседі”, – деп күлді айтыскер ақын. 

Сонымен қатар депутат ақпан айында шығармашылық кешін беретінін де айтып қалды. 

“Билікке кетіп қалғасын айтыстан көрінбей кеттім. Бірақ шығармашылық адам бір жыл сахнаға шықпаса жынданып кететін шығар. “Алатау” дәстүрлі театрында өткен кештен іріктелініп алынады. Қазір режиссермен ақылдасу процесіндеміз. Ол жерде ән де, би де айтыс та болады”, – деп қуантты ақын. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: