Жұма, 03 мамыр, 22:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Африкалық футболшы Қазақстандық клубқа қосылмай жатып қашып кетті

23.02.2024

2396 0

Сурет: ©instagram.com/steve_trawally29

Семейлік «Елімай» футбол клубына жаңа келген гамбиялық легионер Бубакар Травалли команда сапына қосылмай жатып қашып кетті. Бұл туралы massaget.kz хабарлайды.

«Гамбия құрамасының футболшысы Бубакар Травалли «Елімайға» келіп, бапкерлердің қарауынан өтуі керек болған. Алайда, ол түнде қонақ үйде бүкіл затын тастап, өзі қашып кеткен. Оның қайда кеткені және не себепті кеткені әзірге белгісіз», – делінген аталған хабарламада.

Айта кету керек, шетелдік ойыншылардың қазақстандық клубтардан қашып кету жағдайы бұған дейін де болған. Мәселен, 2016 жылы «Челсидің» екі шәкірті «Ақтөбе» клубымен оқу-жаттығу жиынында жүріп қашып кетсе, одан алты жыл алдын испандық Хуан Безарес те дәл осы клубтан ешкімге айтпай кетіп қалған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: