Бейсенбі, 18 сәуiр, 05:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Бағдарлама бағыты

30.07.2022

669 0

Ел экономикасын алға сүйрейтін шағын және орта кәсіпкерлік  саласы. Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында атқарылып жатқан «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы облыс орталығында қалай жүзеге асуда?

Қызылорда қаласы аумағында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бағдарлама аясында жаңадан іс бастайтындарға және кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие бойынша мүмкіндік бар. Сондай-ақ жобаларға 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржылай қолдау қарастырылған.

Бағдарлама аясында субсидиялау бағыты бойынша 3,9 млрд  теңгені құрайтын 93  жоба қолдау тауып, құны 410,2 млн теңгені құрайтын 60 жоба ішінара кепілдендірілген. «Қарапайым заттар экономикасы»  бағыты бойынша 228 млн теңгені құрайтын 2 жоба қаржыландырылды.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен «Іскер» бағдарламасы бойынша 131,8 млн теңгені құрайтын 15 жоба қолдау алса, «Аргобизнес» бағдарламасы арқылы 47,2 млн теңгені құрайтын 3 жобаны  қаржыландырған. 

Сонымен қатар «Еңбек» бағдарламасы бойынша шаһарда 6 жоба, Қызылжарма ауылдық округінде 4 жоба, Тасбөгет кентінде 3 жоба, Қарауылтөбе ауылдық округінде 1 жоба, Талсуат ауылдық округінде 1 жоба жүзеге асырылды.

Сондай-ақ «Агробизнес» бағдарламасы аясында қалада 2 жоба, Қосшыңырау ауылдық округінде 1 жоба қолдау тапты.

«Қызылорда» Өңірлік инвестицялық орталығы» микро­қаржы ұйымы арқылы жоба құны 80,9 млн теңгені құрайтын 16 жоба қаржыландырылса, 8 маусымда аталған қаржы ұйымында өткізілген «Бақылау Кеңесінде» елді-мекендер тарапынан жоба құны 105 млн теңгені құрайтын 16 жоба ұсынылып, оның ішінде құны 42 млн теңгені құрайтын 7 жоба қолдау тауып отыр.

Бұдан бөлек, биыл 1 шілдеде өткізілген «Бақылау Кеңесінде» «Қызылорда» өңірлік инвестицялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы жоба құны 186,0 млн теңгені құрайтын  13 жоба­ға қолдау көрсетілетін болып бекітілді.

«Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз мемлекеттік грант бағыты бойынша құны 11 млн теңгені құрайтын 9 кәсіпкердің жобасы қолдау алды. Атап айтқанда қала көлемінде 4 жоба, Тасбөгет кентінде 3 жоба, Ақсуат ауылдық округінде 1 жоба, Белкөл кентінде 1 жоба қаржыландырылатын болды.

Бұл бағыттағы жұмыстар кәсіпкерлік көкжиегін кенейтіп, жұмыссыздықты жоюға бағытталмақ.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: