Дүйсенбі, 02 маусым, 05:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№40,2153
31.05.2025
PDF мұрағаты

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы өтті

31.05.2025

295 0

Бүгін Қызылордадағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш маңында тарихтағы зұлмат жылдарды еске алу шарасы өтті. Жазықсыз жапа шеккен боздақтардың рухына тағзым етуге облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, ардагерлер, жастар ұйымдарының мүшелері жиналды.

Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Аға буын өкілдері жастарды тарихқа терең бойлауға, азаттықтың бағасын ұғынуға шақырды. Зобалаң жылдардың зардабын ұмытпай, өткеннен сабақ алу болашақ үшін маңызды екенін атап өтті. Халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең құрбандарын ақтау мақсатында еліміз тәуелсіздік алған соң, яғни 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді. Сол бір қилы кезеңде Қазақстанға миллиондаған адам жер аударылды, жүз мыңдай адам қуғын-сүргінге ұшырады. Жазықсыз жазаланғандардың қатарында ұлт зиялылары да бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тарихи әділдікті қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Комиссия ауқымды жұмыс атқарып, жазықсыз жазаланғандардың адал есімін жарыққа шығарды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: