Сейсенбі, 14 сәуiр, 13:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27 (2239)
14.04.2026
PDF мұрағаты

Биылғы бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнім нақты 3 пайызға өсті

14.04.2026

50 0

Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Биыл үш айда елде құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсімді көрсетті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3%-ды құрады. Осы жылдың ерекшелігі – қалыптасқан жағдайға байланысты экономика мұнай саласын есепке алмағанда өсіп келеді. Нақты сектордағы өсу 2,1%-ды, көрсетілетін қызметтерде 3,7%-ды құрады. Салалар арасында құрылыс, көлік қызметтері және өңдеу өнеркәсібі ең жоғары өсімді көрсетті. Сауда 4,8%-ға, байланыс қызметтері 3,9%-ға, ауыл шаруашылығы 3,4%-ға өсті. Инвестициялар өсімнің драйвері ретінде қалып отыр, – деді А.Әмрин. 

Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,4%-ға артып, 3,5 трлн теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 20,9%-ға өсті.

-Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен жабдықтауға салынған инвестициялар көлемі 2,5 есеге, ақпарат және байланысқа – 2 есеге, ауыл шаруашылығына – 70,6%-ға, саудаға – 28,2%-ға, өңдеу өнеркәсібіне – 21,6%-ға, көлік қызметтеріне 7,9%-ға өсті. Инвестициялардың жоғары өсімі Жамбыл, Түркістан, Ұлытау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында байқалды. Бұл ретте, Қостанай, Жетісу, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында айтарлықтай төмендеу байқалды, – деді вице-министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: