Жексенбі, 05 мамыр, 03:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласы 5 жаңа көлікпен толықты

17.10.2023

589 0

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметін дамыту мен нығайту үшін шаралар қабылдауда.

Биыл республикалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары үшін арнайы қызметтік автокөліктер сатып алынды. Оның 5 бірлігі Қызылорда облысына берілді және әрі қарай аумақтық басқармаларға үлестіріліп, облыс орталығы, Қазалы, Жаңақорған аудандарындағы тұрақты эпидахуалды қамтамасыз ету үшін қызмет ететін болады.
Бұған дейін тозығы жеткен көліктермен ауру ошақтарына жету мәселесі қиындық тудырған еді. Әсіресе, бұл аудандарда, шалғай елді мекендерде өте өзекті. Сондықтан бұл автокөліктер инфекциялық, паразитарлық аурулардың эпидемиологиялық ошақтарын уақтылы тексеруде таптырмайтын құрал. Республика күні қарсаңында берілген қызметтік автокөліктер, жасалып жатқан қолдау шаралары сала мамандарының жігерін арттырып, Ұлт саулығын қамтамасыз ету бағытында ілкімді істер қатарын толықтыруда. Өз кезегінде біз де халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бағытында бар күш-жігермен қызмет ететін боламыз.

Динара Жанабергенова
Қызылорда облысчының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: