Сенбі, 21 желтоқсан, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сара Амангелді әріптесі Тұрармен арада қандай сезім бар екенін ашып айтты

23.10.2023

1041 0

“Келінжандағы” Асылым мен әнші Тұрарды не байланыстырады? Бұл сұрақтың жауабына Instagram-дағы оқырмандар екі түрлі жорамал жасап әлек. Бірі-екеуі өмірде де жұп десе, екіншілері-кезекті фильмнің алдындағы хайпқа балап әлек. Ал нақты жауабын тілшіміз әнші әрі актриса Сараның өзінен сұрап білді.

– Сара ханым, фильмнің тұсаукесері құтты болсын. Әңгімені түсірілім барысындағы қызықтар мен қиындықтардан бастайықшы…

– Кеше мына қызықты айтамын, ананы айтамын деп дайындалған едім. Қазір тұсаукесердің алдындағы қобалжу мен  уайымнан есіме түсіре алмай қалдым. Ең қызықты сәт, менің мотоциклдің үстіне мініп алып ойнаған кезім бар. Оны көрген кинодағы күйеуім Асқар аң-таң боп қалды. Мен бала кезімнен еркекшора болып өскенмін. Көп адамдар мені майысып қалған біреу деп ойлайды да осындай еркекшора мінезімді көргенде сенбей таңғалады.

– Сізді көпшіліктің көзайымына айналдырған Асылым екені белгілі. Өмірдегі Сара мен кинодағы Асылымның қандай ұқсастығы бар ма?

– Үлкен ұқсастығы немесе айырмашылығы бар деп айта алмаймын. Мен өмірде әзілді жақсы көремін. Асылым өте сабырлы ғой. Мен енді түсірілімдерде, көпшілік орындарда сабырлы болуға тырысамын. Бірақ шіли сабырлымын деп айта алмаймын. Барлық қыздарда бар истерика менде де бар. Қатты өзгешеміз деп те айта алмаймын. Мен актерлік салада кәсіби білім алған емеспін. Өзімнің табиғатымды сомдадым десем де болады.

– Кәсіби актриса емессіз. Бірақ рөлді қаншалықты аша алдым деп ойлайсыз?

– Мен кәсіби бұл салада білім алмадым. Десе де, “Келінжанның” көрерменге кең тарауы, ілтипатына бөленуі ол мен үшін де, менің ата-анам үшін де үлкен қуаныш әрі мәртебе. Кей жерлерде өтпейтінін өзім де білемін. Кейбір кездері образды дұрыс жеткізе алмаған сәттерім де бар. Мен кәсіби актриса болмағандықтан, қателіктің болуы қалыпты жағдай деп ойлаймын. Ол үшін көрермен қатты сөгіп, сынамаса екен.

– Фильм продюсері анаңыз екенін білеміз. Ал гонорар мәселесін қалай шештіңіздер? Ең қымбат актрисасыз ба? Әлде керісінше «өзіміз ғой« деп гонорар алмайсыз ба?

– Шынымды айтсам, мен “Келінжаннан” гонорар алмайды екенмін. Әйтеуір сол рөлге бекіткеніне, түскеніме қуанып жүремін. Менде қатып қалған гонорар жоқ. Жақында 400.000 тг келісіп те бір жобаға түстім. Мен үшін ақша емес, сол жұмысты абыроймен атқарып шығу маңызды. Қазір абыройым мен танымалдылық үшін жұмыс жасап жүрмін.

– “Жар-жар” деген фильмде қандай рөлді сомдайсыз?

– Ұзатылатын қыздың образын сомдаймын. Фильм желісі жалпы қоғамдағы ең өзекті тақырып тойға дайындық төңірегінде өрбиді. Қалған қызықтың барлығын фильм барысында көріп бағасын бересіздер деп сенемін.

– Тұрармен сізді жұп деп санайтындар да аз емес. Оған себеп те жоқ емес. Әртүрлі бірге түскен видеоларыңыз инстаграмда тарап кетті. Араларыңызда сезім бар ма?

– Мен фильмнен кейін бауыр басып, қиналып жүретін жандардан емеспін. Ол адаммен болашақты бірге көрмеймін. Себебі, мен ересек адам ретінде болашақ жарымның қандай болғанын қалайтынымды анық білемін. Және болашақ жарымды танымал тұлға болғанын қаламаймын. Себебі, қатты қызғаншақпын. Біреуге “мен сондаймын, мен андаймын” деп еркелігімді, зиянымды келтіргім келмейді. Сондықтан Тұрарды жайына қойдым. Былайша айтқанда, мен Тұрарға «не позволила», ол да бір-бірімізге келмейтінімізді түсінді.

– Соңғы сұрағымыз болсын, сізді танымайтын азамат алып қашса, не істер едіңіз?

– Ойбай, кері қайтамын. Танымайтын кездеспеген, көрмеген ер азаматпен бірге өмір сүру былай тұрсын, бір дастарханда отырудың өзі біртүрлі ғой. Танымайтын адамды алып қашу ұят, одан қалды қылмыс қой. Мен өзім қарсымын.

ақпарат көзі: https://stan.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: