Бейсенбі, 02 мамыр, 12:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Сот кабинеті» жүйесінің мүмкіндігі мол

19.11.2023

211 0

«Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған жүйе. ҚР судьяларының VI съезінде сот ісін жүргізу барысында ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында ҚР Жоғарғы Соты «Сот кабинеті» электрондық форматын әзірледі. Бұл сот құрылымында қолға алынған реформалардың заманауи түрі.

 «Сот кабинеті» қызметін пайдалану шарттары өте қарапайым. Сот ісін жүргізушіге ҚР Ұлттық куәландыру орталығынан электрондық цифрлық қолтаңбаны алып, «Сот кеңсесінде» стандартты тіркеу рәсімінен өту жеткілікті. Атап айтқанда, өтініш беруші пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, құпия сөз, электронды пошта мекенжайы өрістерін толтырып, сертификатты таңдау керек. Сынақ процесіне қатысушы ұялы телефон нөміріне немесе электрондық пошта мекенжайына келген электронды хабарлама арқылы логин мен құпия сөзді алады. Тіркелу сәтті өткеннен кейін тұлға «Сот кабинетінің» негізгі бетіне оралу арқылы жүйеге кіріп, қажетті қызметті таңдай алады.

«Сот кабинетін» пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап арыз, апелляциялық шағымды, кассациялық шағымды, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініш хаттар мен сот актілерін жаңадан ашылған мән жайлар бойынша қайта қарау, сот процесінің хаттамасына  ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы   арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.

Қазіргі таңда азаматтардың арасында «Сот кабинеті» арқылы электрондық талап арыз беру кеңінен қолданылуда. Бұл «Сот кабинетінің» пайдаланушылар үшін өте қолайлы, әрі ыңғайлы екендігін көрсетеді. Электрондық талап арызға құжаттардың көшірмелері электрондық нысанда қоса тіркеледі.

«Сот кабинетінің» басты артықшылығы – арыз, өтініш, шағым және басқа да құжаттарды сотқа компьютер мен электрондық сандық қолтаңба  қолдана отырып, кез келген жерден, кез келген уақытта беру мүмкіндігі болып табылады. Арыз, өтініш және басқа да құжаттарды жіберген мезетте, арызданушы электронды түрде құжаттың жіберілеген уақыты мен күні туралы талонды алады. Сонымен қатар сот отырысына қатысушы тұлғаның сот ісінің қаралу мерзімін бақылауға және аталған мерзімдер сақталмаған жағдайда ол туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының біріңғай call-ораталығына хабарласып мәлімдеу мүмкіндігі бар.

         «Төрелік», «Сот кабинеті» және сот отырыстарының аудио-бейне жазбасын біріктіру жүйесі соттың ашықтығын қамтамасыз етудің бір құралы. Аталған жүйені енгізу сот жүргізу процесін толықтай ашық, айқын етеді және кез келген процессуалдық бұзушылықты жоққа шағарады.

Сот жүйесінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, бюрократиялық кедергілерді жояды. Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Нұргүл Асылбекова,

Қызылорда қаласының мамандандырылған

тергеу сотының бас маманы,

сот отырысының хатшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: