Бейсенбі, 09 мамыр, 08:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Төтенше жағдайлар министрлігі Костенко шахтасындағы қазіргі жағдайды баяндады

29.10.2023

532 0

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Костенко шахтасындағы іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатқан жағдайларды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ведомствоның хабарлауынша, Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Ал тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараларды ауысыммен жасап жатыр.

«Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр. Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Электр энергиясының жетіспеушілігі, тау-кен жұмыстарының көптігі, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауы, көптеген бұзылған механизм мен құрылыстың болуы қиындық туғызып жатыр», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апат орнында ашық жану ошақтары жоқ. Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеп тұр, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: