Сенбі, 21 желтоқсан, 23:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Туберкулездi түбегейлi жою бойынша жиын өтті

20.10.2023

396 0

Бүгін «Prime Park» кешенiнiң мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология  ғылыми орталығы Қазақстанда Стоп ТБ Ұлттық Әріптестігін дамыту мақсатында бiрқатар адвокациялық кеңес, оның ішінде  Қызылорда облысында «Қазақстанда туберкулездi тоқтату» Әрiптестiгiн дамыту бойынша жиын болып өтті.

Аталған жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Бактиберлина Раушан Сейткасымқызы, облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әмiр Нұрлан Әмiрұлы, Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әбдіқайымова Әлия Мүтәлiпқызы, облыстық мәслихат депутаты Амитов Нұридин Егембердiұлы, қалалық мәслихат депутаты Әбләзiм Әбдiғабит Әбләзiмұлы және тб сала мамандары қатысты.

Жиында «Кеңестің мақсаты мен міндеттері, есептік кезең қорытындысы мен өңірдегі ТБ бойынша эпидемиологиялық ахуал» жөнінде облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрлан Әмiрұлы баяндаса, «ҚР СТОП ТБ Әріптестігін дамыту, негізгі мақсат-міндеттер» туралы ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігі Ұлттық Фтизиопульмонология Ғылыми орталығының директоры Әденов Мәлік Молдабекұлы, «ҚР ТБ ауыртпалығын азайтудағы азаматтық қоғамның әлеуетін көтеру: жетістіктер мен мүмкіндіктер» бойынша ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы жанындағы Жаһандық қор Жобаларын іске асыру тобының үйлестірушісі Мұсабекова Гүлназ Әскербекқызы және «ТБ ауыртпалығын азайту бойынша өңірдегі Үкіметтік емес ұйым жетістіктері» тақырыбында «Белая ромашка» Үкіметтік емес ұйым фтизиатр дәрігері Шакирова Жанар Аманжолқызы тарқатты.

Баяндамалар легiнен кейін кеңес шеңберінде СТОП ТБ Ұлттық Әріптестігін дамыту, өңірдегі ТБ бойынша Үкіметтік емес ұйым әлеуетін көтеру, ТБ бойынша жұмыс топтарының жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар, туберкулез бойынша жергілікті бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлуге құзырлы тұлғалармен және Қызылорда облысында туберкулез ауыртпалығын төмендету жөніндегі ТБ бағдарлама әрiптестерiмен ТБ саласындағы үкіметтік емес ұйымдарды қолдаудың жолдары талқыланды.

Жиын соңында шараға қатысқан тұлғалар өңiрдегi ТБ бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдау секілді әлеуметтік маңызды мәселелердiң шешiлуiне ықпал ететiндiктерiн жеткiздi.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: