Бейсенбі, 02 мамыр, 10:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Үсік, тұман, жел»: Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

25.09.2023

177 0

Синоптиктер дүйсенбі, 25 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, 25 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, сондай-ақ Шымкент және Түркістан қалаларында күші 15-20 м/с-қа дейін жететін жел тұрады. Облыстың шөлді аудандарында өрт шығу қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін, Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Сондай-ақ 25 қыркүйекте түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

25 қыркүйекте Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, таңертең және күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал. Сонымен қатар 25-27 қыркүйек аралығында Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда қаласында өрт шығу қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, 25 қыркүйекте түнде Қарағанды қаласында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында және Қарағанды қаласында топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады. Бұдан бөлек 25 қыркүйекте Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, өрт шығу қаупі сақталады.

Ақпарат: https://kaz.nur.kz/society/2037891-usik-tuman-zel-25-qyrkuiekte-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: