Жексенбі, 05 мамыр, 02:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Ұлы дала жорығы»: 10 кезең артта қалды

15.09.2023

133 0

Ұлытау, Алматы облысы командалары неге жарыстан шығып қалды?
9 команда, 4 кезең

Бүгін, 15 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің оныншы кезеңі аяқталды. Шабандоздар белгіленген маршруттың 950 шақырымын басып өтті.
Оныншы кезең қорытындысы бойынша, Түркістан облысының командасы жеңімпаз атанды. Бұл жолы маңғыстаулық шабандоздар мәре сызығына екінші болып келсе, Қостанай облысының командасы үшінші болып жетті. Өкінішке қарай, бұл күні екі күн қатарынан жеңімпаз болған Алматы облысы командасымен және Ұлытау «Көкбөрілерімен» қоштасуға тура келді.
Марафонның бас төрешісі Надежда Купцованың айтуынша, Алматы облысы командасының бір аты 10-кезеңнің алғашқы 50 шақырымында болдырып, команда финишқа жете алмапты. Ал ұлытаулық аттың аптап ыстықтан жүрек соғысы жиілеп, қалыпқа түсуі қиындаған.
«Таңертең Алматы облысы атының шабысына қарап-ақ ұзаққа бармайтынын сездік. Команда мүшелері өтініп қоймаған соң әрі расымен аттың жағдайы жақсарып келе жатқан соң жорыққа шығуына рұқсат бердік. Көп уақыт өтпей, ат болдырып қалды. Сонымен қатар аталмыш команда соңғы екі күнде қатты шапты. 2 кезңнің кубогы бұйырғанмен Түркістанға дейін жете алмады. Бұл жорықта жеңіске жету үшін айла-тәсіл мықты болу керек. Ұлытау атын ветеринарлар 10-кезеңнің алғашқы шақырымын еңсергеннен кейін мұқият тексерді. Жүрек соғысының жиілігі жоғары болды. Атқа зақым келтірмеу үшін келесі 50 шақырымға жібермедік», – деді бас төреші Н.Купцова.
Алда 4 кезең, яғни 350 шақырым қалды. 9 команда 16 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап алғашқы 50 шақырымды еңсеруге аттанады. Түскі астан соң 9-кезеңнің кезекті 50 шақырымын бағындыруы тиіс. Сонымен командалар алдында 1050-інші шақырымды еңсеру міндеті тұр.
Он күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:
Маңғыстау облысы, 64 сағат 53 минут 55 секунд
Қостанай облысы, 66 сағат 31 минут 31 секунд
Ақтөбе облысы, 67 сағат 06 минут 56 секунд
Жетісу облысы, 68 сағат 26 минут 09 секунд
Астана қаласы, 70 сағат 51 минут 00 секунд
Алматы қаласы, 72 сағат 21 минут 31 секунд
Түркістан облысы, 75 сағат 52 минут 35 секунд
Абай облысы, 75 сағат 55 минут 54 секунд
Қарағанды облысы, 83 сағат 57 минут 04 секунд
Астана қаласы, Маңғыстау, Жетісу, Қостанай облыстарының шабандоздары да 650 шақырымды жүріп өткен тұлпарларымен Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды еңсермек. Бұл командаға төрешілер «Рекорд» деген атау беріп, арнайы 13-інші команда ретінде тіркеп, нәтижелерін күнделікті белгілеп отыр. «Рекорд» командасының жігіттері діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар.
«Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: