Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ұрлық түбі қорлық

01.11.2023

881 0

Байқоңыр қалалық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен  Н. деген азаматқа қатысты қылмыстық іс қарады.

Сотталушы Н. бес қабатты үйдің бірінші қабатында орналасқан пәтерлердің біріне заңсыз кіріп, жәбірленуші Д.-ға тиесілі жалпы құны 51 500 теңгені құрайтын 12 орам түс қағаздарын жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Осылайша, бөтеннің мүлкін тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасырын жымқырып,  жәбірленушіге материалдық зиян келтірген.

Сот талқылауында сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінген.

Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап, бас бостандығын шектеудің барлық мерзіміне пробациялық бақылау белгіледі.

Байқоңыр қалалық соты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: