Жексенбі, 22 ақпан, 16:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Жаңа Конституция – жарқын болашаққа жетелейтін маңызды қадам

22.02.2026

55 0

Мемлекет басшысының Жарлығымен 15 наурызда республикалық референдум өтеді. Бұл шешім – еліміздің даму бағытындағы аса маңызды әрі тарихи кезеңдердің бірі болмақ. Өйткені Ата Заң – ел бірлігі мен тұрақтылығының басты кепілі.

Бүгінде Конституцияның жаңа жобасы қоғамда кеңінен талқыланып, азаматтар тарапынан түрлі ұсыныстар мен пікірлер айтылуда. Бұл – халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынын, мемлекеттік маңызы бар шешімдерге белсенді қатысуға дайын екендігін көрсетеді. Сондықтан Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені одан әрі жетілдіруге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған.

Осы ретте, Қазақстан Республикасының әрбір азаматы тарихи сәтте сырт қалмай, ел тағдырына қатысты шешім қабылдауда белсенділік танытуы қажет деп білемін.

Ел бірлігі бекем, болашағымыз жарқын болсын!

Артаев Бахтияр Ғарифоллаұлы,

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: