Жексенбі, 23 маусым, 07:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Жезқазғанда 5 жасар бала бір топ адамды қағып кетті

28.05.2024

277 0

Жезқазғанда бес жасар бала көліктің рөлін тізгіндеп, бірнеше адамды қағып кеткен. Салдарынан бес адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға ойын-сауық орындарының бірінің алдында болған. Көлік мейрамхананың алдындағы алаңда сәл еңіске қойылған. Оның артқа қарай жүріп, мейрамханадан шыққан адамдарды соққанын көруге болады.

Кішкентай баланың көліктен шығып, қашып бара жатқаны камераға түсіп қалған. Бірнеше секундтан кейін көліктен әйел түседі. Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға түсініктеме берді. 

«Полицияда жағдай тіркелді, зардап шеккендер жоқ, көлікте отырған бес жасар баланың қол тежегішін алып тастағаны анықталды. Жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды», – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.

Ұлытау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға түскен төрт адамның үшеуі – әйел, біреуі – ер адам. Ер адамның қабырғалары сынған, ішкі ағзалары көгерген. Ал зардап шеккен үш әйел амбулаторлық емделуге жіберілді, олардың да ішкі ағзалары көгерген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: