Жұма, 12 маусым, 16:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№43 (2255)
09.06.2026
PDF мұрағаты

Алдағы үш күнде нөсер жаңбыр мен +38 градусқа дейінгі аптап ыстық болжанды

12.06.2026

44 0

Фото: Pixabay

«Қазгидромет» РМК 13-15 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. KAZINFORM

Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

— 13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады, — делінген хабарламада.

Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз бүкіл кезең бойы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық сақталады.

Ауа температурасы +35…+38°С дейін көтеріледі.

Айта кетейік, бүгін еліміздің екі қаласында ауа сапасы төмендейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: