Құрылтай

Сейсенбі, 21 шiлде, 21:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54 (2266)
21.07.2026
PDF мұрағаты

Автонесие беру шарттары жеңілдей ме

21.07.2026

54 0

Фото: naryk.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарға автонесие бергенде, борыштық жүктеме коэффициентін (БЖК) есепке алмауды ұсынды. Бұл туралы Үкіметте отырысынан кейінгі брифингте сала министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, – деп хабарлайды KAZINFORM 

— Бұл — біздің маңызды ұсынысымыз әрі біз оны қолдаймыз. Ал қазіргі тәртіп жыл соңына дейін күшінде болады. Дегенмен, біз Үкіметке аталған ұсынысты енгіздік. Бұл бастаманы Ұлттық банк те қолдайды деп үміттенеміз, — деді министр.

Министрдің айтуынша, ұсынылып отырған өзгеріске сәйкес, автонесие рәсімдеу кезінде борыштық жүктеме коэффициенті есепке алынбайды. Ал салықтық міндеттемелер бұрынғыдай сақталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: