Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Байден Ресей және Қытаймен жаңа ядролық келісім жасауға дайын екенін мәлімдеді

03.08.2022

977 0

Фото © REUTERS

АҚШ президенті Джо Байден Ресей және Қытаймен ядролық қаруға қатысты жаңа келісім жасауға дайын екенін айтты, – деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Джо Байден Мәскеуді Вашингтонмен, АҚШ пен Ресей ие болатын ядролық қарулар санын шектейтін жаңа келісім (СНВ-III) бойынша келіссөз үстеліне отыруға шақырды. Оның жарамдылық мерзімі 2026 жылы аяқталады.

2021 жылдың ақпанында Ресей мен Америка Құрама Штаттары стратегиялық қаруларды қысқарту және шектеу туралы жаңа келісімді (СНВ-III) бес жылға ұзартты. Шарт екі ел де орналастыра алатын стратегиялық ядролық оқтұмсықтардың санын, сондай-ақ оларды жеткізуге арналған құрлықтағы және суасты қайықтарындағы зымырандар мен бомбалаушы ұшақтардың санын шектейді.

«Бүгін менің әкімшілігім қару-жарақты бақылаудың жаңа жүйесі туралы тез арада келіссөздер жүргізуге дайын, ол 2026 жылы аяқталған кезде жаңа СНВ-ны алмастырады. Бірақ келіссөз үшін адал серіктес қажет. Ресей АҚШ-пен ядролық қаруды бақылау жұмысын қайта бастауға дайын екенін көрсетуі керек», – деді Байден.

Бұған қоса, АҚШ президенті ҚХР басшылығына қате есептеулер мен әскери динамиканың тұрақсыздану қаупін азайтатын келіссөздерге кірісу туралы ұсыныспен жүгінді. Оның пікірінше, Қытай да «әлемдік аренадағы белгісіздік пен дүрбелең тұсында» ядролық қаруды таратпауда жетекші рөл атқаруы керек.

Ресей президенті Владимир Путин өз кезегінде ядролық соғыста жеңімпаздар болмайтынын және мұндай соғысты ешқашан бастауға болмайтынын айтты. Сондай-ақ, ол Ресей Федерациясының АҚШ-пен ядролық қаруды қысқарту бойынша екіжақты келісім бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанын баса айтты.»Ядролық соғыста жеңімпаздар болуы мүмкін емес және оны ешқашан бастауға болмайды және біз әлемдік қоғамдастықтың барлық мүшелері үшін тең және бөлінбейтін қауіпсіздікті жақтаймыз. Ресей Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қатысушы мемлекет ретінде оның сөзі мен рухын дәйекті түрде ұстанады», – деп қосты Ресей президенті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: