Бейсенбі, 28 наурыз, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Мас күйде көлік басқарған 476 жүргізуші анықталды

05.12.2021

917 0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын-алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай рейдтерге күн-түн демей шыққан патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері масаң халде көлік басқарған 476 жүргізушіні ұстады.

  Осындай масаң күйде 2 желтоқсан күні таңғы уақыт 04:40 шамасында Қорқыт ата көшесінің бойында көлік құралының Жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын байқайды. Дереу тоқтатып, тексеру барысында көлікті тізгіндеген 23 жастағы қала тұрғынының жүргізуші куәлігі жоқтығын анықтайды.

Көлік тізгіндеуші азамат 2021 жылдың шілде  айында соттың шешімімен оның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен   көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айырылғандығы белгілі болады.

Патрульдік полиция қызметкерлері өз жұмыстарын дереу атқарып, наркологиялық диспансерге жеткізіп, сараптама қорытындысына сай азамат орта дәрежедегі мас күйінде болғандығы анықталды.
         Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Автомобиль қазіргі уақытта айыппұл алаңында. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: