Бейсенбі, 10 қазан, 09:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Өткен жылы 2,4 мыңнан астам этникалық қазақ «қандас» мәртебесін алды

09.03.2021

1143 0

2021 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 2 407 адам тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 73 мыңға жуық этникалық қазақ оралды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Осы жылдың басынан бастап Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (72,9%) Өзбекстаннан, 15% – ҚХР-дан, 4,6% – Түркіменстаннан, 3,5% – Моңғолиядан және 4% – басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (36,8%), Түркістан (16,4%) және Маңғыстау (10,2%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (12,7%) және Нұр-Сұлтан (5,9%) қалаларына қоныстанды.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,4%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 17,3%-ды құрайды.

Қандастардың ең көбі Өзбекстаннан келген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: